«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының шаһардағы бас кеңсесінде Наурыз мейрамы айрықша аталып өтті. Ұлттық киім киген өнерпаздар сахнада дәстүрлі әндерді шырқап, түркі елдерінің биін биледі.

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс та ұйымдастырылды. Мерекелік шара 22 наурызда - Ұлыстың ұлы күнінде Жаңажолда жалғасын табады.