Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Жаңару күніне орай бүгін жер-жерде ағаш көшеттері отырғызылып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Игі шарадан Нокин мәдениет үйінің өнерпаздары да қалыс қалмай, өз аулаларын қардан тазартып үлес қосты.