Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері мен «Үш таған» журналын біріктіретін «Ақтөбе Медиа» ұжымы да Наурыз мерекесін тойлады. «Салт-дәстүр — сарқылмас байлығымыз!» атты мәдени-көпшілік шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов қатысып, ұжымды құттықтады.
Сонымен бірге философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанов, Қазақстанның құрметті энергетигі Марат Нұркеев, танымал кәсіпкерлер Қаржаубай Әліқұлов, Ғибат Қыдыралин секілді баспасөз жанашырлары, ардагер журналистер де мерекелік басқосуға қатысты. Олар облыс баспасөзінің қара шаңырағында еңбек етіп жатқан қалам иелеріне ізгі тілектерін айтты. Жиында ұлттық салт-дәстүрлер үлгісі жаңғыртылып, әсем әуендер шырқалды.