Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде Қарғалы ауданында жұмыс жүйелі жүргізілді. Нәтижесінде үйлердің бәрі аман қалды, адам зардап шекпеді. Биыл да дайындық мықты. Бөгеттер нығайтылды, су ағатын жол бұрылды.
Өңір басшысы ауданға сапарында алдымен осы шаруаның қалай жүріп жатқанын көріп шықты. Сонымен қатар, аймақ басшысы әлеуметтік нысандардың жай-күйін бағамдап, шаруа қожалықтарының бағытын байқады.
Табиғаты келісті өлкеде экотуризмді дамытудың жоспарларымен танысты.