Былтыр облыс аумағында 42 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. Оның 23-і өкілеттілік мерзімнің аяқталуына, ал 19-ы әкімдердің мерзімімен бұрын босауына байланысты ұйымдастырылды. Барлық сайлау процесі талапқа сай, өз деңгейінде болды. Ал, процесті жіті қадағалайтын комиссия мүшелері арнайы оқытылды. Сайлаушыларды ақпараттандыру жұмыстары да жүйелі. Жоспарға сәйкес биыл да бос орындарға арналған сайлау өтеді.