Қала іргесіндегі Өрлеу елдімекенінде 4000-ға жуық халық тұрады. Ауыл балалары спорт секцияларына қатысу үшін көршілес Кірпіштіге қатынауға мәжбүр.

Бүгін Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешовпен кездескен бұқара осындай назын жеткізді. Тұрғындар Өрлеудің өркендеуі үшін спорт кешені мен мәдениет үйінің жетпей тұрғанын тілге тиек етті.