Корпоративтік табыс салығынан, жер салығы, кедендік баж салығынан босатылады. "Ақтөбе" экономикалық аймағына инвестиция құйған кәсіпкерлерге осындай жеңілдік берілді. Себебі биыл бұл аумаққа 858 гектар жер беріліп отыр. Жер игерілсе, инвестиция келеді, өңір табысы да артады. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы осылай деп кәсіпкерлерге үндеу жолдады. Тағы бір оңтайлы тұсы, инженерлік желілері тартылады, алдағы уақытта жерді де сатып алуға болады.