Қалада картоп пен күнбағыс майының бағасы өзгеріп тұр. Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік ішінен осы екі тауар құны 2 және 16 пайызға көтерілді. Сонымен бірге кейбір тауар түрінің бағасы төмендегенін көруге болады. Еске салсақ, бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті тауар өндірушілермен арада келісім бар. Қазір қорда 4600 тоннадан астам картоп, 367 тонна сәбіз, 383 тонна пияз сақтаулы. Бұл тауарларда коммуналдық базарлардан сатып алуға болады.