Алға ауданы Талдысай ауылындағы білім ошағы осыдан 50 жыл бұрын салынған. Қазіргі уақытта апатты деп танылған. Сондықтан ауылға 60 орындық жаңа мектеп салу туралы шешім қабылданды. 


Бұл туралы аймақ басшысы ауданға іс-сапары барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, Асхат Шахаров аудандағы бірқатар нысандарды аралап, жұмысымен танысты.