Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті. Кешеден бері облыс орталығындағы көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары тәулік бойы қардан тазартылылып жатыр. Жауапты мердігерлер бірінші кезекте жол жиектерін, аялдамалар маңы мен мектеп, балабақшалардың аумағында жұмыс істеді.