Ақтөбеде 700 орындық драма театры ашылады. Сондай-ақ, 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек. Өңірге жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысына облыс әкімі Асхат Шахаров осылай деп есеп берді.
Президент аймақтағы бірқатар маңызды әлеуметтік нысан мен өндіріс орындарын аралады. Тапсырмалар жүктеді.