"Сауда брендтерін қалыптастыру және дамыту". Осындай атаумен қалада жаңадан кәсіп бастағысы келген азаматтарға арналған семинар-тренинг өтті. Онда кәсіби тренерлер қатысушыларға өз логотипін жасау, жарнаманың тиімділігі, маркетингтік стратегия, сапалы қызмет көрсету жолдары бойынша бағыт-бағдар берді. Толығырақ, тілші бейнематериалында.