Қаладағы Курсанттар тасжолында жүк көлігі мен ассенизатор соқтығысты. Оқиға орнында ассинизатор көлігінің жүргізушісі көз жұмған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал полиция жол қозғалысына қатысушылардың барлығын ережені қатаң сақтауға шақырады. Жедел түсірілім видеоларынан соққының қатты болғанын көруге болады. Көлік ішіндегі жүк жан-жаққа шашылып қалған.