Мазаны алған мал ұрлығы. Жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығына қатысты 32 дерек тіркелді. Көбіне баукеспелер жайылымда қараусыз жүрген төрт түлікті оңай олжа еткен. Кәнігі ұрылар ауыл аймақтағы жұртты тонап, қалаға келіп сойып, сатуды кәсіп қылған. Барынан айырылып, сан соғып қалғандар Хромтау, Мәртөк, Қобда аудандарының тұрғындары. Қарақшыға жем болмас үшін қылмыстың ізін суытпай іздеу қажет дейді- полиция өкілі.