Мұнайлы өлкенің тұрғындары жалақысы аз жұмысты қанағаттанбай, мұңайтып отыр. Жұмыссыз ретінде тіркелген темірліктердің басым бөлігі жастар - дейді аудан әкімі. Шағын кәсіптің де шырайын шығара алмай, биыл бизнес нысандарының саны біраз қысқарған. Саламат Аманбаев "қара алтын" өндірісінде ғана еңбек етіп, қыруар қаржы тапқысы келетіндер жұмыссыздар деген санды көбейтіп, сапаны түсіріп отырғанын айтады.