Ақтөбеде “Құқықтық көмек” жобасы аясында азаматтарды көшпелі қабылдау өтті. Қаладағы құрылыс гипермаркеттерінің бірінде ақтөбеліктер тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды. Тұрғындарға қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту, тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ “Отбасы банкінің” өкілдері, заңгерлер мен депутаттар кеңес берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде “AMANAT” партиясының облыстық филиалымен 80-нен астам азаматтарды қабылдау өткізілді, оның 14-і облыс орталығында болды.

Мұндай қабылдаулар ай сайын ұйымдастырылып тұрады. Қабылдау аясында құжат рәсімдеу мен заңгерлік көмек тегін жүргізіледі.