Мұғалжар ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ескі ғимараттар жаңартылып жатыр. Биыл Ембі, Талдысай, Алтынды мектептері оқушыларға есігін айқара ашты. Ал, кейбірінің салтанатты түрде ашылуын жергілікті жұртшылық әлі күтіп жүр. Бұдан бөлек, тасқынға қарсы қорғаныс бөгеттері бекітіліп, көктемде су шайған көпірлер қалпына келтірілуде. Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жылды қорытындылап, маңызды мәселелерге тоқталды.