№ 14 Хиуаз Доспанова атындағы орта мектепте Әділет департаментінің ұйымдастыруымен оқушыларға арналған тәрбиелік кездесу өтті. Жиында мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Адам құқықтары мен міндеттері», «Зияткерлік меншік» сынды маңызды тақырыптар қамтылды. Олар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, пікір алмасты.