"Анаға тағзым" орталығында сурет көрмесі өтті. Онда лицей білім алушыларының туындылары таныстырылды. Тамашалауға арнаулы орта білім беру мекемелерінің жастары барды.
Барлығы 50-ден астам адам жас қылқалам шеберлерінің қиялы мен арманынан туындаған әсем картиналарды тамашалады. Бірі қазақтың кең даласын бейнелесе, енді бірі әнші Димаш Құдайбергеннің сахнадағы сәтін салған.
Кейін білім алушылардың өздері де қолына қылқалам ұстап, ақ қағазға сурет салды. Шеберлік сабағын көркемсурет лицейінің педагогтері өткізді.