Облыстық әмбебап ғылыми кітапханада мәдениет қайраткері, өлкетанушы Еркін Құрманбековтің 80 жасқа толуына орай кездесу өтті. Басқосуға өңіріміздің мәдениет және өнер саласы мамандары мен оқырмандар қатысты. Онда осы саланың дамуы мен өткендеуіне үлес қосқан ардагердің еңбек жолы мен атқарған істері туралы айтылды. Нақтыласақ Еркін Құрманбековтің бастамасымен Қарауылкелді ауылы мен Ақтөбе қаласында Нұрпейіс Байғаниннің ескірткіші орнатылды. Әйтеке бидің мүсіні әкімдік алдына қойылды. Сонымен бірге Ғазиза Жұбанова, Сағи Жиенбаев, Сақтаған Бәйішев сынды біртуар азаматтардың есімі филармония, кітапханаларға берілді.