Хромтау ауданында төтенше жағдай. Қар құрсауында қалған жолаушылар автобусы мұнай тасымалдайтын жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға салдарынан шетелдіктер мінген автобус өртке оранып, жарақат алған азаматтарға медициналық көмек пен психологтың қолдауы қажет болды.

Бұл "Қыс-2024" республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуларының сценарийі болатын. Осындай оқыс оқиғамен бетпе-бет келсе, құтқарушылар бүгінгідей ыждағаттылық таныта ала ма, жалпы төтенше жағдай мамандарының қысқа дайындығы қалай?

Хромтау ауданынан оралған әріптесім Гүлдана Абайқызы жалғастырсын.