Тұтынушыларды сапасыз әрі қауіпті өнімдерден сақтау мақсатында қолға алынған "Сапалы өнім" жобасы аясында 40 тан астам заңбұзылық анықталды.

Оның басым көпшілігі азық-түлік тауарларын таңбалауда Кеден одағының техникалық регламентінің міндеттерін сақтамаған. Яғни тауардың атауы, құрамы қазақ және орыс тілдерінде жазылмаған.

Ал 2 жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылған. Заңбұзушылықтарға жол берген кәсіпкерлерге 39 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.