Жыл басынан бері 57 ақтөбелік АИТВ инфекциясын жұқтырған. Олардың 47-сі ер адам, 10-ы әйел. Тіркелгендердің 56-сы жыныстық қатынас арқылы, біреуі есірткі қолдану кезінде айықпас дертке шалдыққан.
Инфекция жұқтырғандар қалыпты өмір сүргенімен, олар өмір бойы дәрігер бақылауында болуы тиіс. Өзіне қажетті дәріні де уақытылы қабылдауы керек. Осы және өзге де талаптар түсіндіріледі, айтылады.
Сонымен бірге жұқтырмас үшін қорғану жолдары да көпшілікке түсіндіріледі.