Елімізде жылқы институты құрылады. Ел ғалымдары бірігіп Қамбар ата төлінің асыл тұқымдарын сақтап қалу үшін атсалысады. Бұдан бөлек, шаруаларға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі.
Бұл Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Аталған мәселелер Ақордада өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің І форумында айтылды.