Әйтеке би ауданында апатты мектеп мәселесі шешілді. Аудан орталығы Темірбек Жүргенов ауылында жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Білім ордасы балаларды қабылдауға сақадай сай.
Өткен сенбі күні салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Заманауи үлгіде салынған білім ошағында 420 бала оқиды. Жоба құны 1 млрд 800 млн теңге.
Тақырыпты аудан жұртшылығының қуанышына ортақтасып келген әріптесім Эльмира Көшекбай тарқатады.