Тұрақтандыру қоры қысқа дайындықты бастады. Биыл қоймаға 4800 тоннаға жуық картоп пен 489 тонна сәбіз саламыз деп жоспарлап отыр. Бұл үшін жергілікті үш тауар өндірушімен келісімшарт бекіді. Халықты арзан өніммен қамтитын қордың жұмысын бүгін арнайы комиссия өкілдері тексерді. Көкөністің сапасын көріп, сақталу ережесін қарады. Қала іргесіндегі қоймаға жеткен қордың алғашқы өнімдерін әріптесім Ботакөз Сахитжанова да көріп қайтты.