Ақтөбелік зейнеткер алаяқтардың арбауына түсті. Қала тұрғынының ватсап нөміріне белгісіз біреу хабарласып, өзін емхана медбикесімін деп таныстырған. Тегін дәрі-дәрмек алу үшін 1414 нөміріне келген төрт таңбалы құпия санды айтуды сұраған.
Артынша өзге адам "Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінен хабарласып тұрмын, сіздің шотыңыздан алаяқтар ақшаңызды аударуға тырысып жатыр" деп қорқытқан. Осылайша, зейнеткер қоңырау шалған бөгде адамдардың нұсқауы бойынша барлық әрекеттерді орындап, келген құпия кодтарды жайып салған.
Кейін есепшотынан 1 млн теңгесінің жоғалғанын біліп, сан соғып қалды. Аталған дерек бойынша полиция тергеуді бастады.