Ойыл ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Тасқын қауіпі бар Қаратал ауылының іргесінен 4 шақырым, Аққемер елдімекенінің маңынан 1,5 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып жатыр.

Былтыр төтенше жағдайдан ауданда 328 тұрғын-үй зардап шекті. Баспаналар қайта тұрғызылып, халық игіліне тапсырылды. Қазір аудан орталығында 320 орындық жаңа мектеп пен 150 орындық балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Қаратал ауылында мектепке дейінгі ұйымның қабырғасы сөгіліп, апатты деп танылған еді.

Оның орнына 60 орындық жаңа бөбекжай құрылысы аяқталуға жақын. Желтоқсан айының соңында пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған жалдамалы пәтерлер сатып алынады деді аудан басшысы.