Банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласының кәсіподағы есеп берді. Жиында 2019 жылдан бері бүгінге дейін атқарылған жұмыстар айтылып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған іс қимылдар тыңдалды.

Сондай-ақ есеп беру конференциясында бірқатар аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен қалалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған делегаттар жұмыстарын қорытындылап, өңірдегі кәсіподақ жұмысына баға берді.