Өңірде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ҚР Чемпионаты басталды. Ел біріншілігінде 500-ден астам спортшы бақ сынасады. Республикалық додаға еліміздің 17 облысынан спорт шеберлері қатысып жатыр.

Чемпионат нәтижесінде жауырыны жерге тимей, қарсыласын тізе бүктірген жеңімпаздар Ұлттық құраманың сапын толықтырады.

Айта кетейік, төрт күнге жоспарланған чемпионатта спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.