Ақтөбелік тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен науқастар үшін қан тапсырды. Шараға Полиция департаментінің жеке құрамы мен бөлімшелерден 30-дан астам қызметкер қатысты.
Олардың көбі бұған дейін де донор болып жүргендер. Қан орталығының мамандары Полиция департаментімен тығыз байланыс орнатқан. Мұндай шаралар жыл сайын өткізіледі. Құқық қорғаушылар арасында өз еркімен барып, қан тапсырып тұратындар да бар.
Өкінішке қарай, жыл басынан бері облыста мыңға тарта жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан 137 адам қаза тапты.