Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райының күрт өзгеретінін болжап, дабыл қақты. Айталық, ертең облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын күтілуде. Соңы көктайғақ пен бұрқасынға ұласуы да ықтимал. Сондықтан қауіпсіздікті қадағалаушылар жолаушылар мен көлік жүргізушілеріне жедел ескерту жасады.