Теміржол көлігі саласының майталмандары өңірге жиналды. Кәсіптік байқауға еліміздің 11 аймағынан 30-дан астам қатысушы келді. Бұл техникалық және кәсіптік сала мамандарын дайындап жүрген оқытушылардың кәсіби деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін конкурс. Алдымен теориялық, кейін практикалық біліктілігі сынға түсіп жатыр.