Қазақ халқының, Қазақстанның экономикалық негіздерін қалаған тұлғаның бірі - Сақтаған Бәйішев. Бұл туралы "Сақтаған Бәйішев – ғибратты ұстаз, қайраткер" атты облыстық конференциясында айтылды. Жиын қайраткердің 115 жылдығына арнап ұйымдастырылды. Онда ғалымның еңбек жолы мен мол мұрасы тағы бір мәрте таныстырылды.