Әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жеке бұйымдары мен сахналық киімдері облыстық музейге қойылды. Бүгін қалада "Дүние дидарындағы Димаш" атты өнер иесінің шығармашылығына арналған көрме ашылды. Онда Димаштың бесігінен бастап, өнер жолынан сыр шертетін түрлі құнды жәдігерлер қойылды. Салтанатты шараға талант иесінің ата-анасы арнайы келді.