Қалаға тағы 25 автобус әкелінді. 80 орындық қоғамдық көлік № 22, 24, 26 және 14 пен 42-ші бағытта жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Қыста жылы, жаздың аптап ыстығында салқындатқышы жұмыс істейтін автобус Қарағандыда құрастырған.
Өңір басшысы Асхат Шахаров қоғамдық көлік санын әлі де арттырып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс .