Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын енгізбек. Ол үшін әрбір медициналық ұйым сақтандыру компаниясымен шарт жасасады.
«QazMed» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы «АMANAT» партиясы облыстық филиалының ұлт денсаулығын сақтау жөніндегі қоғамдық кеңесімен бірлесіп, республикалық семинар-кеңес өткізді.
Жиынға жетекші сарапшылар, оның ішінде дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының басшылары қатысты. Онда жаңашылдықтар мен ережелерді талқыға салды.