Ауа-райының күрт бұзылуына байланысты бүгін таңда Самара — Шымкент тас жолында автобус тұрып қалған. Автокөлік Ресейден Тәжікстанға бағыт алған. Көлікте 56 шетелдік жолаушы, оның ішінде 4 бала болған. Тәулік бойы жол қозғалысын реттеген тәртіп сақшылары жолда қалған автобус жүргізушісі мен шетелдіктерге көмектесті. Жолаушылар дереу жылы жерге жеткізілген.