Жыл басынан бері Ақтөбе облысында мүгедектігі бар 20 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет алды. Биыл әлеуметтік қызметтің 55 түрі техникалық оңалту құралдары және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі облыс әкімі төрағалығымен өткен жиында қаралды.