«Ақтөбе» газетінің жүз жылдығы Мәртөк ауданында жалғасты. Облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері мен «Үш таған» журналының басын қосатын «Ақтөбе Медиа» өкілдері жергілікті оқырманмен кездесу өткізді. Бұлақты, Қаратоғай ауылдарына барып, шаруалармен жүздесіп, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты. Жүз жылдық аясындағы мерейтойлық кездесу Мәртөк ауылындағы Қамбар Медетов атындағы балалар өнер мектебінде өтті. Қазір газеттің 15 мыңға жуық оқырманы бар. Бұл — республика бойынша жақсы көрсеткіштердің бірі. Іс-шара соңында баспасөзге жазылу науқанында белсенділік танытқан газет оқырмандары Алғыс хатпен марапатталды.