Халық қазынасы. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы байқау ұйымдастырды. Қатысушы ережеге сәйкес үш тапсырма орындады. Танымал шығарманы көпке қойылым ретінде ұсыну, тіл тақырыбында бейнеролик әзірлеу және бес бағыт бойынша сауалдарға жауап беру. Қазақтың әдебиеті мен тарихынан, мәдениеті мен салт дәстүрінен сыр шертіп, географияға қатысты сұрақтарға да мүдірмей жауап берген қатысушы байқауда жеңіске жетті.