Ақтөбелік айти маман білім беру ұйымдарына арналған " электронды психологиялық күнделік" әзірлеп жатыр. Бұл Марат Бисекеновтың алғашқы жобасы емес. Ол ата-аналардың көмекші құралына айналған "Дара бала" порталының негізін салушы. Ал жаңа платформа жеткіншектердің психологиялық хал-ахуалын анықтауға мүмкідік береді дейді ол. 10 қараша- Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні қарсаңында біздің түсірілім тобы аймақтағы айти саласында тер төгіп жүрген мамандардың жұмысымен танысып келді.