Алгебра мен геометрия пәндері біріктіріле ме?! Қазір қоғамда осы тақырып қызу талқылануда. Белгілі математик Ырысбек Мәуіт: "Әлем елдерінің барлығы бірінші сыныптан бастап 11-ге дейін бір математикамен оқиды.Ал бізде 7-сыныптан бастап алгебра, геометрия болып бөлініп кетеді. Бұл нәрсені тоқтату керек",- деген ұсыныс айтты. Ал оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл мәселеде бір тоқтамға келмегенін, сұрақты тиісті мамандармен, сарапшылармен шешуіміз керек деді. Осы ретте ақтөбелік математиктердің пікірі қандай? Гүлдана Абайқызы тыңдап келді.