"Қазақтың дәстүрлі тері өңдеу кәсібі: тарихи тәжірибе, қазіргі күйі және даму перспективасы". Облыстық тарихи-өлкетану музейінде осындай тақырыпта Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен тері өңдеумен айналысатын қолөнер шеберлері жиналды. Мамандар Ұлттық өнердің қазіргі жай-күйін талқылап, саладағы өзекті проблемалардың шешу жолдарын ұсынды. Ал тері өңдеу шеберлері бұйымдарының жасалу технологиясымен бөлісті.