Жолдағы жүгенсіздік. Жүргізушілердің жауапсыздығы. Сапасыз жол. Осы факторлардың себебінен күре жолда қаза көбейді. Жыл басынан бері өңірде көлік апаты 2 есе артқан. Былтыр 300-ден астам жағдай болса, биыл 9 айдың ішінде 600-ге тарта оқиға тіркелген. Салдарынан 106 адам көз жұмды, оның 15-і бала. 800-ден астамы түрлі дене жарақатын алған. Бұл соңғы 10 жылдықта болмаған мәліметтер. Қоғамды алаңдатқан мәселе бүгін Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында өткен республикалық дөңгелек үстелдің тақырыбына арқау болды.