Хромтауда "Туған қала" жобасы жүйелі жүзеге асып келеді. Ауданның көркеюіне ERG компаниясы жыл сайын жүз миллион теңге бөліп отыр. Бөлінген қаражат халықтың қатысуымен жұмсалады. Өткен сенбі күні жоба аясында форум өткізілді. Шарада осыған дейін атқарылған жұмыстар сараланып, жұртшылыққа ұсынылды. Сондай-ақ, аудан әкімі бастаған топ бірнеше нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.