Өңірде Отбасы күніне арналған шара жалғасып жатыр. Қалалық мәдениет үйінде "Жас отбасы - 2024" облыстық байқауы өтті. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылығы осы арқылы үлгілі отбасылардың жаңа моделін қалыптастыруды әрі отбасы мен неке институтын нығайтуды көздеп отыр. Сайысқа қатысқан ерлі-зайыпты өз өнерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптей білді. Толығырақ тілші айтып береді.