Астанада өтіп жатқан бесінші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын еншілеген жерлесіміз Назерке Азаматова өңірге оралды. Ол әлем мықтыларын басып озып, алтыннан медаль тақты.

Күні кеше балуан қызды жанкүйерлері мен арнамыздың түсірілім тобы Ақтөбе әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды.