"Ауру астан". Сондықтан мектептегі асханалардың жайына мән беру маңызды. Тамағы дәмді, құнарлы, мәзірге сай әрі стандарт бойынша әзірленуі тиіс. Ал тазалық -- санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан ауытқымау қажет. Өңірдегі білім ошақтарының асханалары бұл ережелерді қаншалықты сақтап отыр? Мамандар мектептерге ескертусіз барып, тексеріс жүргізді.