Ақтөбелік боксшы қыздар жеңіспен оралды. Азия чемпионатына іріктеуге қатысқан 7 қыз баланың төртеуі өңір қоржынын медальмен толықтырды.

Жарыс Талдықорған қаласында өтті. Сайыста жерлестеріміз 1-ші орын, 2-ші орын, екі 3-ші орынды иеленді. 1-ші орын алған Айғаным Қадырхан Абу Дабиде өтетін бокстан жасөспірімдер арасындағы чемпионатқа жолдама алды.

Енді ол Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.